USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда велосипед жүргізушісі полицейлерге тас атқан (ВИДЕО)

2015 жылғы 6 қазан 14:45
Бөлісіңіз:
Алматыда велосипед жүргізушісі полицейлерге тас атқан (ВИДЕО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері велосипед жүргізушісін ұстау себебін түсіндірді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жүргізуші жол полициясының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында «тоқта» деген әміріне құлақ аспаған.

«Тимирязев көшесімен келе жатқан велосипедші полицейлердің ескертуіне құлақ аспастан, жылдамдығын азайтпаған күйі өтіп кеткен. Осылайша, ол көшедегі көліктің астына түсе жаздап, өзі де апатты жағдайдың тууына себепші болды», - деді С.Әзірбек.

Бейнероликте көрсетілгендей, 23 жастағы ер адам тәртіп сақшыларына тас лақтырып, бейәдеп сөздермен сыбай жөнелген. Табанын жалтыратпақ болған ер адамды полицейлер ұстап алды. Қазір ол Бостандық ауданы ІІБ-на жеткізді.

Билік өкілдерінің әміріне құлақ аспағаны үшін велосипедші ҚР ҚК 379 бабының 1 тармағы бойынша заң алдында жауап беретін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT