Алматыда велосипед тізгіндеген ұры ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда велосипед тізгіндеген ұры ұсталды. Ол көшеде тұрғындардың телефонын ұрлап алып, аулаларға қашып, ізін суытып отырған.

Қалалық ІІД хабарлағандай, 26 жастағы Грузия азаматы осылайша 5 адамның қалтасын қаққан.

Қазір оған ҚК 191-бабының 2-бөлімі бойынша тонаушылықпен айналысты деген айып тағылып отыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Алматы полициясы егер аталған азаматтың әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 298-54-08; 298-54-02 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар