Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Жоспарлануда:

– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ЖҚБАЖ) құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау;

– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;

– Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;

– 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарлануда;

– 3 843 дана жол белгілерін орнату және қалпына келтіру.

– апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мыңнан астам метрден жол қоршауын орнату;

– арнайы бағандарды орнату – 2 мың дана;

– веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау.


Соңғы жаңалықтар