Алматыда вакцинацияның толық курсынан 1 163 779 адам өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында халықты КВИ-ге қарсы вакциналау мен ревакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, қала «жасыл» аймақта.
«Алматыда өткен жылдың 1 ақпанынан бастап биылғы 23 мамырға дейін КВИ-ге қарсы бірінші компонентпен 1 206 418 адам егілді, вакцинацияның толық курсымен 1 163 779 адам қамтылды. Сондай-ақ, 23 мамырда қалада КВИ-ге қарсы 430 509 адам ревакцинациядан өтті»,- делінеді ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ, департаменттен хабарлағандай, қалада қазір ұжымдық иммунитет 60,2%-ды құрайды. Бұл тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ұстап тұруға жеткіліксіз (иммундық қабат кемінде 80% болуы қажет).
КВИ жұқтыру қаупі жоғары мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады: 1) медицина қызметкерлері;
2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
3) күштік құрылымдардың қызметкерлері;
4) педагогтар;
5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
6) 50 жастан асқан адамдар.
Алматы қаласындағы барлық қалалық емханаларда QazCOVIDin/Қазвак, VeroCell, «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) сияқты COVID-19-ға қарсы вакциналар жеткілікті мөлшерде бар. Азаматтар тұрғылықты жері немесе жұмыс/оқу орны бойынша аумақтық қалалық емханаларда COVID-19-ға қарсы вакцинация немесе ревакцинациядан өтулеріне болады.

Соңғы жаңалықтар