+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда вакцинация пунктіндегі пранк: Танымал блогер жазалануы мүмкін

2021 жылғы 22 қазан 16:13
Бөлісіңіз:
Алматыда вакцинация пунктіндегі пранк: Танымал блогер жазалануы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал блогер Мейіржан Төребаев медицина қызметкерлеріне пранк жасағаны үшін жазалануы мүмкін», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тимур Мұратов елорда тұрғындарына коронавирус вакцинасын салдыруға шақырды Әсел Қалықова: Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56,5 пайызға жетті Қызылордада  3 713 жасөспірім «Pfizer» вакцинасын салдырды

Вайнер Instagram-дағы парақшасында дәрігерлерге пранк жасаған видеосын жариялады. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бейнежазбадағы медицина қызметкерлері №4 қалалық емханада жұмыс істейді.

«Емхана басшылығы құзырлы органдарға әкімшілік жауапкершілік шарасын қолдану туралы өтініш жібереді. Себебі адамдардың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың медицина қызметкерінің кәсіби қызметіне араласуына тыйым салады», - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство Әкімшілік кодекстің 80-1-бабы 2-тармағы «Медицина қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау» туралы да еске салды.

«Бұл міндетін орындап жатқан медицина қызметкеріне құрметсіздік таныту көрінісі, ұятсыз сөздер, әдепсіз қимылдар, белгілер мен заттарды көрсету, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желісін қолдану, әдепсіз мінез-құлық, қорлау. Бап санкциясы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді», - деп толықтырды басқармадағылар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT