+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматыда вакцина салдырғандар саны 900 мыңнан асты

2021 жылғы 20 қыркүйек 11:09
Бөлісіңіз:
Алматыда вакцина салдырғандар саны 900 мыңнан асты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2586 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Медицинада жасанды интеллект кеңінен қолданыла бастады- дәрігер Қарашадан бастап вакцина алған барлық шетелдіктер АҚШ-қа кіре алады Вакцина алған қазақстандықтар саны 8 млн-нан асты

«20 қыркүйек күні 2586 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1073, II компонентін 1513 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 20 қыркүйек аралығында қалада 928 638 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 830 287 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 116 677 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT