Алматыда вакцина салдырғандар гаджет, велосипед, тұрмыстық техника ұтып алды

None
None

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алған тұрғындар арасында гаджеттер, тұрмыстық техника мен тау велосипед ойнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу ауданында вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар әлеуметтік желі арқылы өткен тікелей эфирде анықталды.

Аудан әкімдігі мұндай лотерея вакцинаға деген қызығушылықты арттыратынына сенімді.

«Лотереяға қатысу үшін 2021 жылдың 29 мамырынан 4 маусымына дейін Жетісу ауданының екпе орталықтарына вакцинаның бірінші компонентін салдыру керек болды. Жеңімпаздар 5 маусымда анықталды», - деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Ұтыс ойынының нәтижиесі бойынша 20 адам бағалы сыйлыққа ие болды. Атап айтар болсақ, Samsung S21 мен Samsung A32 телефондары, тау велосипеді, тоңазытқыш.


Соңғы жаңалықтар