+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

«Алматыда вакцина паспорты сатылып жатыр» деген ақпарат тексерілуде

2021 жылғы 28 сәуір 12:02
Бөлісіңіз:
«Алматыда вакцина паспорты сатылып жатыр» деген ақпарат тексерілуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда вакцинациядан өткені туралы электрондық паспорт сатып жатқаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипатта екендігін және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ресми түрде хабарлаймыз. Осы факт жарияланған сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта вакцинациядан өту туралы электронды паспорт беру фактісі расталмады», - деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта барлық медициналық ұйымдар, ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасын тексеру басталды.

«Тергеу нәтижелері бұл ақпаратты растаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына беріледі», - деп атап өтті басқармадағылар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT