Алматыда вакцина алғандар арасында шетелге жолдама ойнатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева «Вакцина ал - жүлде ал» акциясы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылады.

Басты сыйлық - Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева Instagram парақшасында жазды.

«Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары мен қонақтары! Біздің «вакцина ал - жүлде ал» науқанымыз жалғасын тауып отыр. Екпенің бірінші компонентін салдырып, БАӘ-де екі адамның демалысына жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз. Сертификатты өзіңізге қолайлы уақытта пайдалану мүмкіндігімен беріледі. Науқан 24 маусымда басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздарды тікелей эфирде анықтаймыз»,- деп жазды ол.

Бүгінгі күні 386 222 алматылық вакцина салдырған.

Соңғы жаңалықтар