Алматыда вакцина алғандар арасында 100 мың теңгенің сертификаты ойнатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда вакцина алған тұрғындар арасында 100 мың теңгенің ақшалай сертификаттары ойнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара 14 маусым күні «МАРТ» сауда орталығында өтті.

Вакцинаның бірінші компонентін алғандар 10 мың мен 100 мың теңге сомасында ақшалай сертификаттар алу үшін бақ сынасты.

«КазФерроСталь» ЖШС директорының орынбасары Төлеген Тәжібаев зауыт жұмысшыларының басым бөлігі өз еркімен коронавирусқа қарсы екпе алғанын айтты.

«Індетті тоқтату керек. Барлығына вакцина қажет, бұл – әркімнің өзі және басқалар үшін жауапкершілігі. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, вирусты жою қажет. Сондықтан барлығының вакцина салдыруға қатысуы өте маңызды», - деді Төлеген Тәжібаев.

Бас жүлдені- 100 мың теңгенің сертификатын Ж. Шайхиев алды, 10 мың теңгенің сертификаттарын А. Тұрғанбаева, Ж. Қалиева, Ж. Кутулуков, Е. Жақсылықов және А. Камал жеңіп алды.

«Коронавирус – өте қауіпті ауру. Көптеген таныстарым ауырды. Сондықтан мен вакцина аламын, өйткені өз денсаулығыма алаңдаймын. Вакцина алған кезде маған сыйлықтар беретінін айтты, жүлделі боламын деп ойламадым», - деді қала тұрғыны.


Соңғы жаңалықтар