Алматыда «Үздік жаңа жылдық безендіру» байқауы қорытындыланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Үздік жаңа жылдық безендіру» конкурсының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл байқауға қаланың 295 кәсіпкерлік нысаны мен түрлі мекемелер қатысты. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жұмыстарды бағалау барысында нысандардың сыртқы келбеті мен маңайдағы аумақтарды безендірудегі креативтілік, көркемдік ерекшелік және ұтымды композициялық шешім басты назарға алынды.

Конкурс 12 номинация бойынша өтті.

«СКО үздік безендіру» номинациясы бойынша «Mega Park», «Қонақ үйді үздік безендіру» бойынша «The Ritz-Carlton Almaty» қонақ үйі жеңімпаз атанды. Өндіріс орындары арасында «Нобель» фармацевтік фабрикасы жүлдегер деп танылды. «Бизнес-орталықты үздік безендіру» жүлдесі Еуразиялық қамсыздандыру компаниясына берілді. Оқу орындары арасындағы бәсекеде № 157 мектеп пен С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жеңімпаз атанды. Тамақтану орындарын, медицина және мәдени - демалыс мекемелерін безендіру бойынша (дүкендер, дәмханалар, мейрамханалар және басқалары) Urban coffee дәмханасы, Villa dei Fiori мейрамханасы, «Алматы» санаторийі, «АПТЕКАПЛЮС» дәріханасы, Ayrat nadrov дүкені мен «Эллада» сұлулық салоны үздік деп танылды.

Айта кетейік, «Жаңа жылдық үздік безендіру 2019» конкурсына қатысу үшін өтінімді 2019 жылдың 1 қазанына дейін беру қажет. Нысандарды безендіру 2019 жылдың 15 қарашасында аяқталуы және безендіру 2019 жылдың 1 желтоқсанынан 2020 жылдың 15 ақпанға дейін сақталуы тиіс. Конкурсқа өз ғимараттарының сыртын және жақын орналасқан аумақты безендірген кез-келген кәсіпорын, шағын және орта бизнес объектілері, қала мекемелері қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар