Алматыда үздік шыққан 40 стартап жоба инвестиция алуға дайындықты бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда ТМД бойынша іріктеліп алынған 40 стартап жоба инвестиция алуға дайындықты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыдағы «ІТ-кварталда» «Startup Kazakhstan» халықаралық жобасының ТМД бойынша алғашқы кезеңінен іріктеліп шыққан жоба иелерін оқыту және дайындау жұмыстары басталды. Бағдарламаны жүзеге асырып отырған «ПИТ» Автономды кластер қорының жетекшісі Санжар Кеттебеков үздік шыққан жобалардың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгін біз «Стартап Қазақстан» жобасының ресми бөлігін бастадық. 40 стартап бізге келіп, оқыту мен дайындықты (акселерация-ред) бастады. Бұл кезеңнің міндеті - стартаптарға Қазақстан нарығына кіруге жағдай жасау және экономикамен дұрыс үйлесімділік табуды үйрету. «Старт-ап Қазақстан» бағдарламасы ТМД мен Қазақстан нарығына арналған жобаларды жинаумен айналысады. 200 стартап биыл акселерациядан өтіп, қаржыландырылады. Жылдың екінші жартысында олар «Astana Hub» орталығында орналасатын болады. Онда Астана халықаралық қаржы орталығымен тығыз байланыста болады. Қаржыландырылатын стартаптардың санын жыл сайын арттыра бермекпіз», - деді ол. 

Стартап Қазақстан жобасының алғашқы кезеңіне өтініштерді қабылдау 2017 жылдың 15 желтоқсанына дейін жүрді. Барлығы 200 өтініш келіп түскен. Соның ішінде 40 жобаға ғана іріктеуден өтіп, акселерацияны бастады. Іріктелген 40 жобаның 50 пайызы қазақстандық қатысушылардан келіп түскен. Олардың алғашқы инвестициясы 20 мың АҚШ доллары көлемінде болады. Акселерациядан кейін олардың ішіндегі ең үздігі 100 мың АҚШ доллар көлеміндегі қаржыны ала алады. Стартаптарды «TECHGarden» және GVA Capital - GVA Alatau Fund венчурлік қорлары қаржыландырады.Жалпы 2020 жылға дейін 500 инновациялық жобаны қаржыландыру жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар