Алматыда үздік 15 стартап іріктелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда TechGarden DEMO DAY аясында үздік 15 стартап іріктелді.

«Almaty TechGarden инновациялық технологиялар паркі автономды кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебековтың айтуынша,
аталған жобалар үш ай ішінде акселерациядан өтті.
Қордың басты мақсаты бұл жобаларды инвесторларға ашық алаңда таныстыру.
Осы уақыт аралығында үміткерлер бизнесті жүргізу, заң, зияткерлік меншікті қорғау, қаржылық модель таңдау бойынша кеңестер алды. Жобалармен жұмыс жасауға батыстың жетекші сарапшылары, BIG4 компаниясының өкілдері жұмылдырылды.
DEMO DAY барысында «Ақылды индустрия және жаңа материалдар», «Е-коммерция және жаңа медиа», «Ақылды орта», «Жаңа энергетика және таза технология» жобалары инвесторларға таныстырылды.
«Осы уақыттан бастап стартаптарға бизнесте даңғыл жол ашылды. Енді инвесторларды қызықтыру, тарту, қаржы тарту жаңа жобалардың жұмысына тікелей байланысты. Бүгінгі жобалардың барлығы орта деңгейден жоғары деп баға берер ем. Осылардың ішінде 2-3 жоба жақын арада ірі компанияға айналады деп сенемін», - деді С.Кеттебеков.
Айта кету керек, үздіктердің арасында дәрілерді іздеу жүйесі, мобильді мессенджерлер арқылы тіл үйрету, мұнай өнімін өңдеу мен жою, жылу сақтайтын құрылыс материалдары өндірісі бар.

Соңғы жаңалықтар