Алматыда үйлерге су қашан беріледі

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бірқатар үйлерді сумен жабдықтау бірнеше сағат ішінде қалпына келтіріледі. Бұл туралы «Алматы су» МКК мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен түнде диаметрі 600 мм болатын, 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан су құбыры учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдай туындады. Оның салдарын қазіргі уақытта «Алматы су» МКК апаттық бригадасы қажетті техниканың көмегімен шұғыл түрде жоюда», - деп хабарлады «Алматы су» компаниясынан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа құбырдың тозуы себеп болған. Ол осыдан елу жыл бұрын пайдалануға берілген.

«Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар үйдің ескі магистралды су құбырының бұзылуына байланысты ажыратылған сумен жабдықтау жұмыстары бірнеше сағат ішінде қалпына келтірілетін болады. Аталған қалалық сектордағы үйлердің тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда құбыр жарылып, бірқатар көшені су басқаны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар