Алматыда үйлердің ауласына шлагбаум орнатуға тыйым салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғын үйлердің аулаларына шлагбаум орнатуға және бөлшектелген автомобиль қоюға тыйым салынады. Бұл туралы IV шақырылымдағы мәслихат депутаттарының 2007 жылдың 12 желтоқсанындағы VI сессиясы 16-пунктінің жаңаланған редакциясында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала билігі осылайша  аулаларға арнайы көліктердің кіруіне жағдай жасамақ.

Бұдан былай пультпен басқарылатын шлагбаумдар орнатуға тыйым салынатын болады.

«Енді аулаларда түрлі блоктар, қоршаулар, ағаштар орнатуға заңмен тыйым салынады. Сонымен қатар бөлшектелген автомобильдерді қоюға да болмайды. Олар арнайы тұрақтарға қойылуы тиіс», - делінген құжатта.

Ал егер белгілі бір тұрғын үй кешені немесе бірнеше нысан орналасқан ортақ аула болған жағдайда шлагбаум орнатылады. Алайда, қоршаудың маңайында тәулік бойы жұмыс істейтін бекет болуы керек. Сонымен қатар қоршауды механикалық жолмен ашуға мүмкіндік қарастырылуы қажет.

Құжат 2018 жылдың 13 ақпанына дейін қоғам талқылауында болады.

Бұл шешімді іске асыру Алматы қалалық мәслихатының Еңбек, жұмыспен қату, көлікті дамыту комиссиясы төрағасына жүктелді.

Соңғы жаңалықтар