Алматыда үйлер мен пәтерлер тоналып жатқан жоқ - полиция

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полициясы тұрғындардың пәтерлері мен үйлері тоналғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы полиция департаменті қала тұрғындарының пәтерлері мен үйлері тоналғаны, сондай-ақ «102» қызметі сигналдарға жауап бермейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қалалық ПД басқармасы жедел басқару орталығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. «102» пультіне түскен әр хабарлама уақытылы өңделеді», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды жалған ақпаратқа сенбеуге және оны таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Айта кетейік, Алматыда лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды.

Террористерге қарсы арнайы операция барысында қала әуежайы босатылды.



Соңғы жаңалықтар