Алматыда үйі өртеніп кеткен тұрғындардың атына есепшот ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үйі өртеніп кеткен Щербаков 6 мекенжайының тұрғындары өз аттарынан есепшот ашты. Жапа шеккен тұрғындар жағдайы бар адамдардан қаржылай көмек сұрайды.

Бұл туралы үй-күйсіз қалған тұрғындардың бірі Гүлжан Байжанова айтты.

«Үй тұрғындарының атынан арнайы есепшот аштық. Біз көмекке өте мұқтажбыз. Біздің барлық мүліктеріміз, киімдеріміз, тұрмыстық заттарымыз, құжаттарымыз өртеніп кетті. Кім қалай көмектесе алады, бәрін қабылдауға әзірміз. Әлемде мейірімді адамдар бар екендігіне сенімдіміз. Әр адам қал-қадірінше өз көмегін көрсетсе, алғысымыз шексіз. Біреу үшін 100 теңгенің рөлі аз болуы мүмкін, біз үшін ол үлкен көмек болар еді», - деді Гүлжан Байжанова.

Естеріңізге сала кетейік, Түрксіб ауданында Щербаков көшесіндегі 6 үйде тұтанған тілсіз жау 16 отбасыны баспанасыз қалдырды. Қазір 50 шақты адам күркешіктерді паналап жүр. Әзірге аудандық әкімшілік тарапынан уақытша қонақ үйге орналастыру, әр отбасы мүшесіне 10 мың теңгеден қаржылай көмек беру сияқты жәрдем көрсетілуде.

Алайда тұрғындар қонақ үйде уақытша тұру баспана мәселесін шешпейді деп отыр.

Байжанов Арслан Жугубаевич

ИИН KZ56926001PN 01111229

Карта № 41777900225035119

«Казкоммерцбанк» АҚ

БИК KZKOKZKX

Киви әмиян

87019912724

Соңғы жаңалықтар