Алматыда үй жануарларын жаппай егу басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 ақпаннан бастап үй жануарлары мен мал басын дәрілеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ветеринарлық қызметі ақпанда 2,7 мың бас ірі қара, 1,5 мың бас ұсақ мал, 250 бас шошқаға аусылға қарсы егу жасалса, 2,7 мың бас ірі қара мен 17 бас түйеге туберкулезге аллергиялық реакция бойынша диагностикалық зерттеу жасалады.

Ал қаладағы 45 мыңға жуық ит-мысыққа ет қоректілер эхинококкозына  қарсы өңдеу аясында дегельминтизация жүргізіледі.

Наурыз айында 2,7 мың бас ұсақ малға пастереллезге қарсы, 1 мың бас ірі қараға  қарасанға қарсы егу жұмыстары басталады. Сонымен қатар  710 бас ірі қара, 379 бас ұсақ малға, 100 бас ит-мысыққа бруцеллезге қарсы, 15 қошқарға жұқпалы эпидидимитке қарсы диагностикалық зерттеулер жүргізілетін болады.

«Қалалық ветеринария қызметі» КМК қала тұрғындарынан және мал иелерінен осы жұмыстар кезінде ветеринар  дәрігерлерге жәрдемдесуін сұрап отыр.

Бұл жұмыстардың барлығы тегін жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар