+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Алматыда үй жануарларын жаппай егу басталды

2018 жылғы 2 ақпан 17:16
Бөлісіңіз:
Алматыда үй жануарларын жаппай егу басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 ақпаннан бастап үй жануарлары мен мал басын дәрілеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ветеринарлық қызметі ақпанда 2,7 мың бас ірі қара, 1,5 мың бас ұсақ мал, 250 бас шошқаға аусылға қарсы егу жасалса, 2,7 мың бас ірі қара мен 17 бас түйеге туберкулезге аллергиялық реакция бойынша диагностикалық зерттеу жасалады.

Ал қаладағы 45 мыңға жуық ит-мысыққа ет қоректілер эхинококкозына қарсы өңдеу аясында дегельминтизация жүргізіледі.

Наурыз айында 2,7 мың бас ұсақ малға пастереллезге қарсы, 1 мың бас ірі қараға қарасанға қарсы егу жұмыстары басталады. Сонымен қатар 710 бас ірі қара, 379 бас ұсақ малға, 100 бас ит-мысыққа бруцеллезге қарсы, 15 қошқарға жұқпалы эпидидимитке қарсы диагностикалық зерттеулер жүргізілетін болады.

«Қалалық ветеринария қызметі» КМК қала тұрғындарынан және мал иелерінен осы жұмыстар кезінде ветеринар дәрігерлерге жәрдемдесуін сұрап отыр.

Бұл жұмыстардың барлығы тегін жүргізіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT