Алматыда үй өртеніп, 2 адам қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үй өртеніп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 қазан күні сағат 10:48-та Медеу ауданы Кеңсай-2 шағын ауданында орналасқан «Молодой садовод» мекен- жайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Биік таулы жерге қарамастан, оқиға орнына яғни саяжайға өрт сөндірушілер жедел көтерілді, келген сәтте 40 шаршы метр аумағында ашық жалынмен 2 қабатты саяжай үйі мен ауладағы құрылыстардың өртеніп жатқанын анықтады. Дереу өртоқпандары енгізіліп, өрт сөндіру автоцистерналардан су үздіксіз қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімде өрттің көрші ғимараттарға таралу қаупі жойылды. Өрт 12 минутта ауыздықталып, 11:40-та сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 20-дан астам адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды»,- деп хабарлады департаменттен.

Ведомства мәліметінше, 1971 жылы туған оқиға күәгері, көрші Бақытжан Қағазбеков жанып жатқан үйге кіріп күйік алса да, 62 жастағы әйелді құтқарып қалды, ол №4 қалалық ауруханаға жеткізілді. Бақытжан өзі ауруханаға жатудан бас тартты.

Өртті сөндіру барысында 47 жастағы ер адам мен 51 жастағы әйелдің денесі табылды. Көршілердің айтуынша, бұл жерде алкоголь ішімдіктер жиі ішіледі. Қыркүйек айында Медеу аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері осы үйдің тұрғындарымен қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірме әңгіме жүргізген болатын.


Соңғы жаңалықтар