Алматыда үй карантинін бұзған 70 адамға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өзін оқшаулау режимін бұзған 70 алматылыққа айыппұл салынды. Бұл туралы брифинг барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейбір «қызыл» мәртебесі бар алматылықтар дәрігерлердің талаптарын елемей, қоғамдық тамақтану орындарына, сауда ойын-сауық орталықтарына, қала кинотеатрларына баруға тырысуда. Барлық бұзушыларға – 70 адамға 30 АЕК айыппұл салынды»,- дейді спикер.

Жандарбек Бекшин азаматтарды жасына және қызмет саласына қарамастан, ұсыныстар мен шектеу шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Сонымен қатар, ол карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша жұмыс жалғасатынын баса айтты.

«Қала тұрғындарын «жасыл» аймаққа ауысқанына қарамастан, алыс және жақын шетелдердегі КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, карантиндік шараларды сақтауды жалғастыруға және белсенді вакциналануға шақырамын. Тек ұжымдық иммунитет қала тұрғындары арасында вирустың таралуын және індетті тоқтатады, яғни таралу тізбегін үзе алады», - деп атап өтті Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.


Соңғы жаңалықтар