USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда үй карантинін бұзған 199 адамға айыппұл салынды

2021 жылғы 15 қазан 16:13
Бөлісіңіз:
Алматыда үй карантинін бұзған 199 адамға айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 199 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жаңажылдық ертеңгіліктер қалай өтеді – санитар дәрігер түсіндірді Шығыс Қазақстанда карантин шектеулері 17 желтоқсанға дейін ұзартылды «Омикрон» штамы: Алтай Көлгінов елордаға қосымша шектеу енгізбеу үшін не істеу керектігін айтты

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 199 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмейді.

Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден табуға болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.

Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.

Сонымен қатар, департамент «ASHYQ» жобасының қатысушыларына Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында барлық келушілерді сканерлеу қажеттілігін еске салды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT