Алматыда үй карантинін бұзған 121 адамға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 121 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 121 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
COVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда-ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, бассейндер,СОО, базарлар, театрлар және тағы басқа нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысқан.
«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмеді.
Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден табуға болады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.
Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар