Алматыда үй карантинін бұзған 104 адамға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 104 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 104 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Құқық бұзушылардың толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.

Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар