Алматыда үстел теннисінен Hopes Week турнирі өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда кадеттер арасында үстел теннисінен Hopes Week ауқымды республикалық турнирі басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

22 қарашаға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс орталықтарының жас спортшылары тестілеуден өтіп, тәжірибелі тәлімгерлермен бірге жаттығады. 23 және 24 қараша күндері болатын іріктеу турнирінде Орталық Азия елдері Hopes Week халықаралық жаттығу лагеріне қатысуға жолдама алатын мықтылар анықталады.

Олардың арасында басты үміткерлер мыналар: Виктория Мочалкина (Қарағанды) – Қазақстан чемпионы, Қасым Нұрислам (Шымкент) – ел чемпионатының қола жүлдегері, Рамазан Нәзір (Түркістан) – командалық жарыста республикалық чемпионаттың күміс жүлдегері, Бақдәулет Сәуірбай (Шымкент) – «Алтын күз 2019» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері.

Соңғы жаңалықтар