Алматыда үшемнің анасына сый-сияпат жасалды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова жуырда үшем босанған ананы құттықтап, үйіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыркүйек айының басында дүниеге келген үш ұлдың қазір жағдайы жақсы. Бүгін салмақ жинап, ширап қалған сәбилер анасымен бірге үйіне шықты. Қала әкімдігі әулет қуанышына ортақтасып, құттықтау үшін арнайы барды.

«Сіздерді қаланың барлық тұрғынының атынан шын жүректен құттықтаймыз! Бұл шынымен де керемет оқиға. Ана мен балаға зор денсаулық, мол табыс және барлық жақсылықты тілеймін», - деді Әсем Нүсіпова.

Сондай-ақ ол Алматы қаласы әкімдігінің атынан балалар арбасын, ойыншықтар мен түрлі жиынтықты сыйға тартты.

Бұған дейін үшем жүктіліктің 34 аптасында кесарь тілігі арқылы дүниеге келгені туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар