Алматыда үшем дүниеге келді
2022 жылғы 1 шілде 10:27

Алматыда үшем дүниеге келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз бала. 1600 және 1400 грамм салмақпен туған. Үшемдер кесір тілігі арқылы дүниеге келді. Барлық уақыт бойы ана мен сәбилердің денсаулығы қатаң бақылауда болды.

«Бірінші қыз бастапқыда өздігінен тыныс алды. Салмағы төмендеу екі қыз үш күн өкпенің инвазивті емес желдету аппаратында реанимацияда жатты. Жағдайлары тұрақтанған соң, патология бөлімшесіне ауыстырылды. Қазір сәбилердің денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бүгінде олардың денсаулығы жақсы, жағдайы тұрақты», - деді нәрестелер реанимациясы бөлімшесінің меңгерушісі Саният Сұлтанова.

Айта кетейік, Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жыл басынан бері 97 егіз және бір үшем дүниеге келді.


Сурет: flipboard.com
Ұқсас жаңалықтар
Биыл халықтың табиғи өсімі 7,7 пайызға кеміп, дүниеге келген сәбилер саны азайған
2022 жылғы 10 тамыз 19:55

Биыл халықтың табиғи өсімі 7,7 пайызға кеміп, дүниеге келген сәбилер саны азайған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 шілдеге дейін еліміздегі халық саны 19 246,3 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 479,6 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 766,7 мың адам (40,4%). Былтырғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 236,7 мың адамға немесе 1,2% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мауыммен салыстырғанда (139,7 мың адам) 7,7% кеміп, 128,9 мың адамды құрады.

Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,51 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны - 198,1 мың адам.

Бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (216,2 мың адам) қарағанда 8,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға - 20,76 жаңа туған құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде 69,2 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (76,6 мың адам) қарағанда 9,6% аз.

Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,25 қайтыс болғанды құрады.

2022 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 649 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1 688 шетінеген нәресте) 2,3% кеміді.

Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,32 оқиғаны құрады.


Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін
2022 жылғы 1 тамыз 10:14

Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін. Бұл туралы болжамды Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық жасаған талдауға сәйкес, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 млн - нан (теріс сценарийде) 21,5 млн-ға дейін (оң сценарийде), ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін болуы мүмкін.

«Бұл ретте, егер өлім мен туу көрсеткіштері 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және өңіраралық көші-қон 2017-2021 жылдардағы орташа мәнде сақталса, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20 млн 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай – 27 млн 192 мың адамға жетеді», – деп атап өтті ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Оның мәліметінше, 2030 жылға қарай орталық сценарий бойынша халық саны Нұр-Сұлтан қаласында – 420 мың адамға немесе 33% - ға, 1,7 млн адамға дейін, Алматы қаласында – 414 мың адамға немесе 20% - ға, 2 млн 466 мың адамға дейін, Шымкент қаласында – 369 мың адамға, немесе 32% - ға, 1,5 млн адамға дейін өседі.

Бұдан басқа, Түркістан облысында халық саны 207 мың адамға, Маңғыстау облысында – 170 мың адамға, Алматы облысында – 145 мың адамға ұлғаяды. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында халық санының қысқаруы күтілуде.

2050 жылға қарай, ЕРДО сарапшыларының есептеріне сәйкес, болжамның орталық нұсқасын алып қарайтын болсақ өсу бойынша көшбасшы Шымкент қаласы болады, оның халық саны 1 млн 679 мың адамға артып, 2,8 млн адамға жетеді немесе 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артады. Нұр-Сұлтан қаласында өсім 1 млн 634 мың адамды құрайды, бұл 2,3 есе өсімге, 2,9 млн адамның көрсеткішіне сәйкес келеді. Алматы қаласында тұрғындар саны 3,5 млн адамға дейін немесе 1,4 млн адамға (2022 жылға қарай+69%) өседі. Маңғыстау облысында халық саны 820 мың адамға өседі, соның салдарынан өңірдегі халық саны 1 млн 571 мың адамды құрайды.

«Біздің болжамымыз бен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің жаңа демографиялық болжамы ұқсас және сценарийге байланысты халық санының 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан 21,5 млн адамға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін өсуін болжайды», – деп бөлісті Дмитрий Шумеков.



Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT