+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда үшем дүниеге келді

2020 жылғы 9 шілде 11:38
Бөлісіңіз:
Алматыда үшем дүниеге келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жасанды жолмен ұрықтандыру (ЭКО) арқылы үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүкті әйел кесар тілігі операциясы арқылы босанды. Ота сәтті өтті.

«Бірнеше минут айырмашылығымен дүниеге келген үш қыздың салмағы 2 келіден сәл асады. Салмағы аз болғандықтан нәрестелер бір тәулік бойы реанимация бөлімінде болып, кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Онда олар 8 күн жатты. Осы уақыт ішінде нәрестелер дәрігерлердің бақылауында болды»,– деді ведомстводан.

Шала туылған нәрестелердің денсаулығын қадағалаған және оларды күткен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында анасы мен балалары үйіне шығарылды. Сондай-ақ, нәрестелерге күтім жасау, тамақтандыру бойынша кеңестер берілген. Қазір ана мен сәбилердің жағдайы жақсы.

Айта кетейік, биылғы 6 айдың ішінде Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына көп ұрықты 135 жүкті әйел келіп түскен, оның 4-еуі үшем болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT