Алматыда үш жылдан бері істемей тұрған қазандық іске қосылды
2015 жылғы 16 қыркүйек 16:13

Алматыда үш жылдан бері істемей тұрған қазандық іске қосылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үш жылдан бері істемей тұрған қазандық іске қосылды. Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеру үшін бірқатар нысанды аралады.

Сапар барысында қала басшысы Әуезов ауданында орналасқан «Орбита» қазандығының екінші кезеңін жылдың соңына дейін іске қосуға тапсырма берді. Айта кету керек, белгілі бір себептерге байланысты қазандық үш жыл іске қосылмай тұрған болатын.
Негізгі мәселе - қазандықты іске қосуға қажетті электр энергиясымен қамту қиындық тудырып келді. Қуаты сағатына 300 Гкалл болатын 3 жаңа қазандықты іске қосу үшін «Мамыр» подстансасынан кабель желісін монтаждау жұмыстары қажет еді.

Қала басшысы осыған байланысты қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жобасын мақұлдады. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 2773 млн теңге бөлінеді.

«Орбита» аудандық қазандығы Алматының оңтүстік батысындағы Орбита 1,2,3,4 шағын аудандарындағы нысандарды жылумен әрі жылы сумен қамтуға мүмкіндік беретін жылу энергиясын өндіреді.

Jańalyqtar

MURAǴAT