Алматыда үш жігіт кинотеатрда 20 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Алматы қаласының полиция департаменті аталған қылмысқа қатысты пікір білдірді. Ведомство ақпаратынша, қазір жан-жақты тергеу жұмысы жүріп жатыр.
2002 жылы туған Қ. атты бойжеткеннің арызы ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген.
Іс жүргізу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу кодексінің 24-бабы талабына сай сотқа дейінгі тергеу істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған.
«Сонымен қатар осы кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық іс жүргізу кодексі 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденіп, белгіленгенге дейін күдіктілер кінәсіз деп есептеледі», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.