Алматыда үш сағаттың ішінде 100 мыңнан аса адам дауыс берген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 3 сағат ішінде 109 мыңнан аса адам дауыс берген. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Алматыда 1 млн 132 мың 232 адамнан 109 мың 600 адам дауыс берген. Дауыс берушілердің саны сағат санап артып келеді», - деді спикер.

Айта кету керек, бүгін яғни, 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

Алматыда 507 сайлау учаскесі таңғы 07:00-ден бастап ашылды. Дауыс беру орындары «ҚР Сайлау туралы» заңының, Орталық сайлау комиссиясының талаптарына сай келеді.

507 учаскеде 2535 медициналық қызметкер: 1014 дәрігер, 1521 медбике жұмыс істейтін болады. Одан бөлек кейбір сайлау учаскелерінің жанында Жедел жәрдем кезекшілік ететін болады.

Сайлаушылар маскамен келуге міндеттеледі. Егер жоқ болса оларға кіреберісте маска беріледі. Егер оның дене қызуы жоғары болса, дауыс беруге тыйым салынады.



Соңғы жаңалықтар