Алматыда үш оқушы қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үш оқушы суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады. Өкінішке орай, біз балалардан айырылып қалдық. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиевтің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймын»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Қала басшысының айтуынша, оқушылар мұзы жұқа су айдынына батып кеткен.

«Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерін тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккендердің отбасыларына қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды»,- деді әкім.

14 жастағы балалар 12 қаңтар күні шамамен сағат 13:00-де Алғабас шағынауданындағы №184 мектепке бару үшін үйлерінен шыққан. Барлығы мектеп формасында және рюкзакпен болған.


Соңғы жаңалықтар