Алматыда үш күн бұрын жоғалған 10 жасар бала табылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғалып кеткен 10 жасар Геннадий Рагутько табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, бала дін аман.

«Бала аман-есен табылды. Айтуларынша, ол таныстарының үйіне қонған. Бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Қазір бала әкесінің жанында», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

«Іздеу жұмыстары 11 мамыр күні таңертең басталды. 12 мамыр күні оқушыны іздеуге Lider.kz еріктілері, Ұлттық ұлан, «Қоғам» жасағы мен жергілікті тұрғындар қосылды. Біз бірнеше ұқсас баланы көрдік, өкінішке қарай, олар жай ғана ұқсас болып шықты. Бірақ содан кейін телефонға хабарлама келді – «баланы еріктілер тауып алды». Іздестіру топтары, еріктілер, Ұлттық ұлан және Түрксіб ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қоян-қолтық жұмыс істеді. Іздеу аяқталды», – делінген Instagram-дағы пабликте.

Бұған дейін Алматы полициясы 10 жастағы Геннадий Рагутько 10 мамыр күні түскі сағат 12:00 шамасында үйінен шығып, содан оралмағанын хабарлаған болатын. Полиция мәліметінше, оқушы бала бұған дейін де ата-анасын ескертпестен үйінен кетіп қалған екен.



Соңғы жаңалықтар