Алматыда үш көшеде көлік қозғалысы шектеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Медеу ауданында үш көшеде көлік қозғалысы бір тәулікке ішінара шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің мәліметінше, уақытша жабылған көшелердің бір бөлігінде жол жөндеу жұмысы жүргізіледі.

«21 маусым сағат 11:00 -ден түнгі сағат 22:00-ге дейін Медеу ауданындағы Зенков (Шевченко көшесінен оңтүстік бағытта Қабанбай батыр көшесіне дейін), Қазыбек би (Достық даңғылынан Қалдаяқов көшесіне шығыс бағытта) және Төле би (Уәлиханов көшесінен Пушкин көшесіне шығыс бағытта) көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады»,- деп хабарлады « Алматы жылу желілері « ЖШС.

Компания қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау жөнінде кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар