Алматыда үш көлік соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үш жеңіл көлік соқтығысты. Жол апаты Бөгенбай мен Панфилов көшелерінің қиылысында орын алған.

Мерседес пен Suzukiдің бетпе бет соқтығысуынан екіншісі қарама-қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан Suzuki оңтүстік бағытта келе жатқан қара Jeep-ке соғылды.

Абырой болғанда, ешкім жапа шекпеген.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда түнгі 3-тен бері қар жауып тұр. Бұл жол қозғалысына үлкен кедергі туғызып отыр.
null

Соңғы жаңалықтар