Алматыда үш көлік соғылып, 2 адам жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, жол апаты түнгі сағат 23:45-те Шығыс айналма жолында болған.

«Mercedes-Benz, Hyundai, Mitsubishi Pajero көліктері Шығыс айналма жолында бір-біріне соғылған. Жол апатынан 34 және 19 жастағы жүргізушілер жарақат алды», - деді баспасөз қызметінен.

Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр


Соңғы жаңалықтар