Алматыда «Үш арыс» кітабының тұсаукесері болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Алаш арыстарына арналған «Үш арыс» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кітап белгілі қазақ қаламгерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толуына орай жарық көрді.

Сондай-ақ мерекелік шара ҚР Жазушылар одағының құрылғанына және «Қазақ әдебиеті» газетінің 85 жыл толуымен тұспа тұс келіп отыр.

«ТҮРКСОЙ 25 жылдан астам уақыт бойы түркі әлемінің мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау, сақтау және зерттеу жұмыстарын белсенді атқарып келеді. ТҮРКСОЙ жыл сайын түркі әлемінің мәдениеті мен өнерінің дамуына қомақты үлес қосқан көрнекті мәдениет қайраткерлерінің мерейтойларына орай атаулы жыл жариялап, мәдени шығармашылық шаралар (концерттер, көрмелер, қойылымдар, ғылыми-практикалық конференциялар) ұйымдастыру арқылы олардың атын дүниежүзілік қауымдастыққа танытып жатыр. Бұл басылым да Қазақ әдебиетінің «Үш арысы» қуғын-сүргін құрбандары Сәкен Сейфуллин мен Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай Қазақстан суретшілерінің олардың шығармашылығы туралы салған көркемсурет туындыларынан топтастырылған», - деді ТҮРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы өкілі Асқар Тұрғанбай.

Соңғы жаңалықтар