+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Алматыда үш адам күзетшіні қанжоса қылып сабап кетті

2019 жылғы 21 қаңтар 14:03
Бөлісіңіз:
Алматыда үш адам күзетшіні қанжоса қылып сабап кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда букмекерлік кеңсені тонамақ болған үш ер адам күзетшіні аяусыз соққыға жығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған видео бүгін Фейсбук желісінде таралды.

Қанды оқиға 20 қаңтарда Абай мен Саин көшелерінің қиылысындағы Пари-Матч» букмекерлік кеңсесінде болған.

Бейнекадрда мекемеге бетперде киген үшеу кірген. Үшеуінің бірі бөлменің түпкі бөліміне қарай кіріп кетсе, екеуі алаңсыз телефон көріп отырған күзетшіні дубинкамен ұра жөнелген.

Видео ұзақтығы 7 минутқа созылады. Осы уақыт аралығында екі қылмыскер күзетшіні басынан, басқа да жерлерінен ұрған. Олардың қолында дубинка немесе балғаға ұқсас зат болған.

Қалалық полиция аталған оқиғаға байланысты түсініктеме берді.

«Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Қазір қылмысты әшкерелеуге бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр», - деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қырғызстан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT