Алматыда ұрыны ұстауға 15 жастағы жасөспірім көмектесті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы ұрыны ұстауға көмектескен жасөспірімді марапаттады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
15 жастағы Мұхамедамин Килоев үйіне бара жатқан жолда ұрыны ұстап, жалғыз өзі қарсылық көрсеткен.
«Мен емханадан шықтым. Біреулердің жанайқайын естіп, қаша жөнелген ер адамның артына түстім. Қуып жеткен соң екеуміз төбелесе кеттік. Ер адам бір сәтте көзімнен бөтелкемен ұрып жіберді», - деді жасөспірім.
Бөтелкенің сынығы баланың сол көзіне сәл-ақ жетпей қалған. Сол уақытта көшедегілер «102» нөміріне қоңырау шалып үлгерген.
Осылайша, зейнеткердің несібесін қолды етпек болған ұры ұсталды.
«Жасөспірімнің әрекеті жастарға үлгі боларлық әрекет. Азамат болу міндетің демекші, кез-келген жерде адамдар өзінің азаматтық парызын өтеуі керек. Ол өзінің денсаулығын қатерге тікті», - деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев.
Аудан әкімшілігі жасөспірімге көрсеткен азаматтығы үшін ноутбук сыйлады.
«М.Килоев №125 мектепте полицияның жас көмекшілері жасағының белсенді мүшесі. Баласының бойында осындай жақсы қасиеттерді сіңіре білгені үшін оның анасы Марина Юрийқызына да сыйлығымызды ұсындық», - деді Бостандық ауданы ІІБ өкілі Рита Махметова.
- Президенттің батыл шешімдері бейбіт өмірге тез оралуға мүмкіндік береді – Мәулен Әшімбаев
- Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
- Алматы азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етілген – әкім
- Алматы Полиция департаментінің ғимаратына шабуыл алдын ала жоспарланған – шұғыл штаб
-
Алматыда балабақшалар жұмыс істей ма
-
Алматының коммуналдық қызметі қаланы тазарту жұмыстарына кірісті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




