Алматыда ұрланған тон мен жүзіктің иесі іздестіріліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түрксіб аудандық ІІБ полицейлері ұрланған заттардың иесін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті пәтерлерді тонап, құнды заттарды үптеп кетіп отырған.



«Бұл адам екі пәтерді тонады деген күдік бар. Бұл істер бойынша айғақ заттары тәркіленді.Алтын жүзік пен бұлғын тон кімдікі екені белгісіз. Бұл заттарды процессуалды тәртіппен суретін жариялап, иесін іздестіріп жатырмыз. Егер заттарын таныған адам болса 298-54-60, 298-54-62 және 8-701-722-27-81 телефондарына хабарлассын», - деді Түрксіб ауданы ІІБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Мұрат Қаспақбаев.



Соңғы жаңалықтар