USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда ұрланған техниканы сатпақ болған атыраулық азамат ұсталды

2022 жылғы 15 қаңтар 19:11
Бөлісіңіз:
Алматыда ұрланған техниканы сатпақ болған атыраулық азамат ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дүкен тонаған күдіктіні Наурызбай аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үш қабатты ғимараттан өрт шықты Алматыда «Safari Mebel» компаниясы қала тұрғындарын 15 млн теңгеге алдап кеткен Аурухана қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде тәулік бойы операция жасады - Алматы

22 жастағы Т. есімді азамат Тимирязев көшесіндегі «Белый ветер» дүкенінен ұрлаған техниканы сатуға қойған.

Полиция мәліметінше, қаскөй өзінің уақытша тұрғылықты жерінде ұсталды. Оның үйінен 7 ноутбук, 12 ұялы телефон, 3 флеш-карта, 2 колонка, 2 жұп құлаққап, ұялы телефонға арналған аксессуарлар, көзілдіріктің жиектері табылып, тәркіленді.

«Жауап алу барысында күдікті жоғарыда аталған заттарды жаппай тәртіпсіздік кезінде техника дүкенінен ұрлағанын мойындады.

Қылмыстық іс ары қарай тергеу үшін Бостандық аудандық полиция басқармасына жіберілді.

Қылмыстың сыбайластары анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деді полиция басқармасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT