Алматыда ұрланған қымбат көлік Жамбыл облысынан табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер ұрланған жол талғамайтын қымбат көлікті иесіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Алматы қаласында ұрланған қымбат көлік Жамбыл облысынан табылды.
«Жамбыл облысының ПД полицейлері республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 345-шақырымында Меркі ауданының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Land Rover Range Rover» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің басқаруындағы автокөліктің құжаттары болмағаны анықталды. Бағдарлар ақпараты көліктің Алматы қаласында ұрланған көлік ретінде тіркеуде тұрғанын көрсетті», - делінген ведомство хабарламасында.
Аталған дерек Алматы қаласының Әуезов ауданында ұрлық оқиғасы ретінде тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Бүгінде ұсталған азамат та, ұрланған автокөлік те тіркелген аумағы бойынша Алматы қаласына жеткізілді.
- Қазақстанда жыл басынан бері 6 мыңнан астам қылмыс тіркелді - ІІМ
- Тараздағы орталық стадионға Балуан Шолақтың есімі беріліп, ескерткіші қойылуы мүмкін
- Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамауға алынды
- Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін ауыз су тартылды – Жамбыл облысы
-
Жамбыл облысындағы 222 мектеп оқушыларды қашықтан оқытуда
-
Жамбылда аузымен сурет салып, кесте тоқитын ерекше қыз тұрады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам