Алматыда ұрланған көлік апатқа ұшырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Мерседес жүргізушісі рөлден айырылып қалып,  жол шетіндегі қоршауларды қиратып  кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Сүйінбай  көшесінде болған. Жол оқиғасынан зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Кейін белгілі болғандай, «Мерседес» маркалы көлік 10 күн бұрын Алмалы ауданында ұрланған көлік ретінде тіркеуге алынған. Жүргізуші тергеу орындарына жеткізілді.
null  null   null  

Соңғы жаңалықтар