Алматыда үнді штамы айналымда жүруі мүмкін - Сәдуақас Байғабылов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирустың «үнді» штамы табылды деген қауіп анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті.

«Алдын ала деректер бойынша, оның қала бойынша айналым ықтималдығы анықталды. Толық геномдық зерттеу үшін қосымша уақыт қажет», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елордада коронавирустың үнді штаммы анықталғанын айтқан болатын.

Министрдің айтуынша, бұл мутацияны жұқтырғандарға буындар мен іштің қатты ауруы, есту қабілетін жоғалту сынды қосымша симптомдар тән болып отыр.


Соңғы жаңалықтар