+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Алматыда «Ұлы дала елі» Халықаралық этнофестивалі өтті

2019 жылғы 19 қазан 01:46
Бөлісіңіз:
Алматыда «Ұлы дала елі» Халықаралық этнофестивалі өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Ұлы дала елі» Халықаралық этнофестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақындар адалдық пен патриотизмді жырлады - Көкшетау Алматыда тарихшылардың VІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті Сарыағаш ауданында «Түркістанның рухани керуені» кездесуі өтті

Өз репертуарын Қазақстан, Иран, Түрікменстан, Башқұртстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен барлығы 20-дан астам орындаушы ұсынды.

«Бұл фестиваль дәстүрлі өнерді сақтап қалуға және дамытуға ықпал етеді. Шығармашыл адамдарды жақындастыра түсіп, жыршылық-термешілік көне өнерін насихаттайды. Бұл бағыт, әсіресе еліміздің батыс өңірінде жақсы дамыған. Онда балаларын осы өнерге 3 жастан бастап үйретеді», - деді қазақстандық қатысушы Ұлжан Байбосынова.


«Алатау» дәстүрлі өнер театрында бастау алған фестиваль биыл «Аманат» атауымен жетінші рет ұйымдастырылды. Шараға жиналғандардың қарасы көп болды. Олар орындаушыларға қызу қолдау білдіріп, мерекеге ерекше атмосфера берді.

«Тақырыбын кездейсоқ таңдағанымыз жоқ. Ата-бабаларымыз бұл өнерді аса қастерлеп, өз оқушыларына ерекше көңіл бөліп келген. Осы дәстүрді сақтай отырып, бұл жолы шәкірт пен ұстазды сахнаға бірге шығаруды жөн санадық. Бұл – өте қызықты», - деп қосты Ұлжан.



Көрермендердің алдында балалар да өнер көрсетті. Шараның соңына қарай сахнаға шыққан балалар шараның шырқау шегі болды. Еліміздің әр өңірінен келген үш жас орындаушы «Аманат» туындысын әуелетті.

Фестивальді «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Алматы қаласының Мәдениет басқармасы мен «Ел» продюсерлік компаниясы ұйымдастырды.







Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT