Алматыда «Ұлы дала елі» фестивалінде Орталық Азия жыршылары бас қосты

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Қырғызстан мен Өзбекстан жыршылары Алматы төрінде бас қосты. Жыраулар поэзиясы «Ұлы дала елі» фестивалінде жаңғырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында халықаралық «Ұлы дала елі» фестивалі ұйымдастырылды.  Дәстүрлі эпос фестивалінің биылғы бағдарламасы Астананың 20 жылдық мерейтойына арналды.

Қазақстандық жыршылармен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстаннан келген жыр орындаушылар дала әуенін сахнадан сарнатты.

nullФестивальге келген 14 қатысушы қырғыздың «Манас» жырын, түркінің «Текей батыр», «Алпамыс» дастандарын орындады.

null«Қырғызстандық әйгілі жыршы Доолетбек Садыков «Манас» эпосын, Өзбекстаннан келген Абдыназар Поянов «Алпамыс» эпосын орындады. Сондай-ақ Қарақалпақстаннан Динара Нұратдинова атты жас бақсы келді. Түркі халықтарына ортақ жыраулық дәстүр фестивалінің Алматыда өтуі тегін емес. Жетісу жерінде көшпенді халықтың табанының ізі қалған. Ежелден келе жатқан жыраулар поэзиясы бүгін де маңызға ие», - деді қазақстандық жыршы Ұлжан Байбосынова.

nullОның айтуынша, жыршылық дәстүр Қазақстанның оңтүстік пен батыс аймақтарында сақталған.

null«Жыршылық өнер Қызылорда облысында кең тараған. Ол жақта жыршылық өнері атадан балаға, ұстаздан шәкіртке беріледі. Маңғыстау облысында да бұл дәстүр сақталған. Алматының Жетісу ауданында ұрпақтарға түркі халқының музыкасын дәріптейтін орталық бар», - деді ол.

nullҚатысушылар 7 минуттан бір жарым сағатқа дейін созылатын эпостарды орындады.

null«Бұл жолы эпикалық шығармалар мен қаһармандар туралы аңыздар, дастандар айтылды. Жылдан жылға олардың орындалу мәнері өзгеріп, мазмұндырақ болып келеді», - деді фестивальдің сценарий авторы Базарбек Атығаев.

null«Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асқан фестиваль түркі халықтарының ежелгі мұрасы - жыраулық дәстүрдің ұмытылмауын мұрат етеді.

null

Соңғы жаңалықтар