Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздары ант қабылдады (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 7552 әскери бөлімінде 250-ден астам жас жауынгер Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне адал қызмет етуге ант берді. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Дархан Мұқанов хабарлады.

Әскер көрген азаматтың өмірінде бір-ақ рет болатын салтанатты шараға ардагерлер, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сарбаздардың ата-аналары да қатысып, сарбаздарға ақ тілектерін жеткізіп, қызметтеріне табыс тіледі. Жас сарбаздар салтанатты шара барысында жиналғандарға жас жауынгерлер курсында үйренген саптық дайындық, қызметтік-жауынгерлік тактика пәндері бойынша практикалық жаттығуларды орындап берді. Ендігі кезекте олар оқу пунктіндегі дайындық аяқталысымен түзеу мекемелерін күзету, сотталғандар мен қамауға алынғандарды айдауылдау бойынша жауынгерлік қызметке кіріседі.

Соңғы жаңалықтар