+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Алматыда ұлттық лотореяны «лицензияламақ» болған алаяқ әйел сотталды

2018 жылғы 19 наурыз 11:56
Бөлісіңіз:
Алматыда ұлттық лотореяны «лицензияламақ» болған алаяқ әйел сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алаяқ әйел өз танысына «Бинго-Лото» Қазақстан Ұлттық лотореясына» лицензия алатынын айтып, одан қарызға 5 млн теңге алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алайда, ол өзінің «бизнес-жоспарын» жуық арада жүзеге асыруға асықпаған. Нәтижесінде жәбірленуші танысын сотқа берген.

Әйелге ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен айып тағылды.

«Бұрын да істі болған азаматша Б. 2016 жылы өзгенің мүлкін ұрлау мақсатында алдау және сенімге қиянат ету жолымен, өзін бизнес-леди ретінде көрсетіп, 15 000 АҚШ долларын иемденген. Бұл ақша жәбірленуші Ж.-ға тиесілі. Қылмыстық кодексте «аса ірі көлемдегі» болып классификацияланатын сомма «N.M.» ЖШС-дан «Бинго-Лото» Қазақстан Ұлттық лотореясына» лицензия алу үшін қажет болған-мыс. Сотталушыда өз міндеттемесін орындауға іс жүзінде мүмкіндігі болмаған, солайша, жәбірленушіге 5 234 400 теңге көлемінде шығын келтірген», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Алмалы аудандық соты күдіктіні ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігімен айыпты деп тауып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT