Алматыда үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсаты бар нысандар аталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасы үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсат берілген нысандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлескерлердің құқығын қорғау мақсатында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңы  қабылданды. Заң нормалары үлескерлердің құрылыс барысындағы құқығын кепілдендіруге бағытталған. Аталған заңға сәйкес, енді құрылыс компаниялары әкімдіктің арнайы рұқсатымен ғана үлескерлердің қаржысын тарта алады.

Сондай-ақ құрылыс компаниясы тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының жобасына қатысуы шарт. Өйткені, бұл қор құрылыстың аяқталатынына кепілдік береді.

Прокуратура өкілдері азаматтарға кез келген құрылысқа үлескер болуға болмайтынын ескертіп отыр.  Ең алдымен, үлескермен типтік келісім жасалуы керек. Бұл құжаттар болмаған жағдайда мәміле заңсыз деп танылуы мүмкін. 

Мұндай құжаттар тек 11 құрылыс нысанында бар:

- «Егізбаев 7 «А» мекенжайы бойынша 12 қабатты үй (9,10 нүкте). Өкілетті компания - «Astana Realty Plus» ЖШС, мердігер - «Мереке НС» ЖШС; 

- Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (20 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан;

- Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (21 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі  «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан;

- Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (22 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі  «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан;

- Бостандық ауданы Ерменсай ш/а, 6- көше 25 учаскеде «Градстройинвест» ЖШС өкілеттілігіндегі «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан;

- Медеу ауданы, Әйтеке би, Қазыбек би, Бәрібаев пен Қайырбеков көшелерінің шаршысындағы «Concrete Engineering Company» ЖШС құрылыс компаниясы салып жатқан «Alan Reality» ЖШС өкілеттілігіндегі нысан;

- Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (27 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан;

- Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (28 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігін«БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан;

- Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (29 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі  «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан;

- Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (38 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі  «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан;

- Бостандық ауданында  «AST Partners» ЖШС салып жатқан «AST Investment Group» ЖШС өкілеттілігіндегі нысан.

Елбасының 2017 жылғы жолдауында "Менің тапсырмам бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға - алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.", - деген болатын.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тек өткен жылдың өзінде ғана 1,9 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, 2015 жылмен салыстырғанда 35%-ға көп.

«Елбасының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру басталады. Оның басты мақсаты - таяудағы 15 жыл ішінде 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бағдарламаға тұрғын үй нарығын қолдаудың кешенді шаралары енгізілген. Бұл, сөз жоқ, еліміздің құрылыс саласын дамытуға жаңа серпін береді. Біздің негізгі міндетіміз - алматылықтардың тұрғын үй мәселесін шешу. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 73 үй салынуда, оның 24-інің құрылысы биылғы жылы аяқталады», - деді Б.Байбек.

Қала басшысы 2015 жылдан бастап құрылыс саласына құйылған инвестиция көлемінің 17%-ға артқанын айтты. Тек биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс саласына 235 млрд. теңге инвестиция бөлінген.

Бүгінде Алматыда тұрғын үй және азаматтық бағыттағы 1140 объектінің құрылысы жүріп жатыр, бұлардың ішінде 762 құрылыс жеке инвестиция арқылы, ал 378 нысан бюджет арқылы қаржыландырылуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 2016-2017 жылдары әкімдік тарапынан 1040 пәтерлі 19 тұрғын үй салынды. «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша биыл «Саялы», «Жас Қанат» ықшамаудандарында тағы 17 тұрғын үйді іске қосу жоспарланған. «Ескі үйлерді сүру» қалалық бағдарламасы бойынша 3 жаңа үй салынып, ескі үйлердің тұрғындары жаңа қонысқа көшірілді. Бүгінгі күні заманауи ықшамауданға айналған Атлеттер ауылынан 1748 отбасы пәтер алды. Наурызбай ауданында соңғы жылдары құрылыс кең қанат жаюда.

Биылғы жылы білім беру жүйесінің 42 нысанының құрылысын салу және сейсмикалық қуатын нығайту қарастырылған. Оның 29 объектісі биыл іске қосылады. Денсаулық сақтау саласының 18 обьектісі салынуда және жөнделуде. Жыл аяғына дейін 10 нысан пайдалануға беріледі.

Соңғы жаңалықтар