Алматыда ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін «Жартасты қала - Астана» ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерін дайындау базалық полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Шара барысында құтқару бөлімшелері химиялық қауіпті объектілердегі аварияларды жою кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтады. Бірлескен оқу-жаттығуға ҰҚШҰ хатшылығының өкілдері, Беларусь Республикасы ТЖМ, Қазақстан Республикасы ТЖМ, Қырғыз Республикасы ТЖМ, Ресей ТЖМ мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы ТЖАҚК 5 ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттің жедел топтары мен құтқару бөлімшелері қатысты. Алматы облысының Іле ауданындағы Тамғалы тас шатқалында және Қапшағай су қоймасында өткен оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайларға ден қою тәртібі туралы ереже іс жүзінде көрініс тапты. ТЖ аймағында авариялық-құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізген уақытта құтқару бөлімшелерінің басшылық етуі кезінде басқару органдарының іс-әрекеттер алгоритмі пысықталды. Мұндай дайындықтар құтқару бөлімшелерінің химиялық қауіпті объектілердегі апаттарды жою кезіндегі өзара іс-әрекеттер деңгейін арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Оқу-жаттығу екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде Алматы қаласы мен Алматы облыстарының аудандарындағы улы заттарды пайдаланатын химиялық қауіпті нысандарда «апат болды». Сценарий бойынша аммиак төгінділері орын алып, салдарынан химиялық зақымдану аймағы пайда болып, қауіпті аймаққа елді мекендер де түсті. Жедел топтар Қазақстан ТЖМ жедел штабымен және аумақтық органдарымен бірлесіп техногендік ТЖ салдарын жою бойынша әрекеттерін пысықтады. Екінші кезеңде құтқарушылар оқу орындарында үйлестіру және жедел штабпен өзара әрекеттесу кезіндегі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар